Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Асанов тағайындалды
«Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Асанов тағайындалды. Ол бұрын облыстық жер қатынастары басқармасында жоспарлау, болжау бөлімінің басшысы болған. Жаңа кадрды активке аймақ басшысы Серік Ахметов таныстырды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
А. Бауыржановтың 3 жоғары білімі бар. Ол мал дәрігері, заңгер және экономист мамандығын алған. Мемлекеттік қызметте 2006 жылдан бастап еңбек етеді.
Облыс әкімі сондай-ақ Қарағанды облыстық еңбек және соғыс ардагерлері ұйымының жаңа төрағасымен де таныстырды. «Ардагерлер ұйымының бұрынғы төрағасы Жұман Мұстафин денсаулығына байланысты қызметінен кетті. Енді ұйымның жаңа басшысы болып Оралды Төреғожин сайланды», - деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.