Қарағанды облыстық басқарма бастығы Е.Өтешевтің адам өліміне алып келген ірі жол апатына қатысы болуы мүмкін

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 16 ақпанға қараған түні Қарағандыда Гоголь және Гудермесский көшелерінің қиылысында жолдың қарсы бағытына шығып кеткен BMW автокөлігінің жүргізушісі Toyota Corolla және Opel көліктерімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан Toyota-ның жүргізушісі, 1960 жылғы әйел түрлі дәрежедегі жарақаттармен облыстық медицина орталығына жеткізілді. Ол бүгін таңертең, сағат 8.00-де ауруханада көз жұмды», - деп ақпараттандырды Қарағанды облысы бойынша ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Жаңатай Сембеков.
Ол сондай-ақ BMW және Opel көліктерінің жүргізушілері ауруханаға жеткізілгендігін хабарлады.
«Жол-көлік апатының фактісі бойынша сараптамалар белгіленді. Тексеру амалдары жүргізілуде», - деді Ж. Сембеков.
Полиция жүргізушілердің жеке тұлғаларын нақтыламады. Дегенмен, BMW көлігін облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ерлан Өтешев басқарды деген ақпарат бар.
Қарағанды облыстық басқармасының бастығы адам өліміне алып келген ірі жол апатының себепшісі болуы мүмкін