Қарағанды облыстық ІІД қызметкерінің 16 жасар қызы тонаушылық және қорқытып ақша алушылық бойынша айыпталды - БАҚ

АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық ІІД қызметкерінің 16 жасар қызына тонаушылық және қорқытып ақша алушылық бойынша айыптар тағылды.
None
None

Бұл туралы «Погоны, деньги, два ствола» атты мақаласында «Экспресс К»   газетінің тілшісі Дарья Архипова жазды.

Кәмелеттік жасқа жетпеген қылмыскер қыздың құрбандары табысы жақсы отбасылардан шыққан өзінің құрбылары болды. Қазіргі кезде жас қылмыскерді іздеу шаралары белсенді жүруде.

Қарағанды облысындағы кәмелеттік жасқа жетпегендердің істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Алмасбек Төкеевтің хабарлауынша, 16 жастағы екі қыз құрбыларын ұрып-соғумен қорқытып, олардан ақша талап еткен. Құрбандарының бірі оларға жақұт тасы бар қымбат алтын жүзікті әкелді. Бірақ жас қылмыскерлер онымен шектелмей, кейіннен бұл қыздан ұялы телефонын, сөмкесі мен ақша салынған әмиянын алып қойды. Бойжеткендердің біреуі ұсталды.

- Сот кесімімен кәмелеттік жасқа жетпеген қыз айыпты деп танылды, және оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Оның сыбайласына қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ, өйткені ол әлі іздеуде жүр, - дейді А.Төкеев.

Жас қылмыскер қыздардың жағдайы тәуір отбасыларда өскені белгілі. Ал әкесі құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін бойжеткеннің оқуы да жақсы болды. Алайда үйдегі молшылық ата-ананың балаларына ұдайы назар аударуына жетпейді, деп сенеді Фемиданың қызметкері. Оның ойынша, кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстарға итермелеген негізгі себеп сол болды.

Соңғы жаңалықтар