Қарағанды облыстық сотында қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының басшысы ауысты

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
«ҚР Президентінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы Жарлығы бойынша Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып Р. Нұрмағамбетов тағайындалды», - делінген хабарламада.
Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков әріптестеріне жаңа басшыны таныстырып, оның кәсібилігі мен тәжірибесі мол екенін атап өтті. Ол сот жүйесінде 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Абай аудандық сотының және Шахтинск қалалық сотының төрағасы болған.
ҚР Президентінің Жарлығымен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының экс-төрағасы Ерден Әріпов ҚР Жоғарғы сотының судьясы болып тағайындалды
Сонымен бірге, Қарағанды облысында бірқатар сотта тағайындаулар орын алды. Абай аудандық сотының төрағасы болып - Естай Исабеков, Балқаш қалалық сотының төрағасы болып - Нұрлыбек Сыздықов, Қаражал қалалық сотының төрағасы болып Марат Қожабергенов тағайындалды.