Қарағанды облыстық сотында «Сот істері бойынша анықтамалығы» атты ақпараттық бағдарламаның таныстырылымы болды
деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.
Аталмыш автоматтандырылған жүйе 2010 жылдың наурызынан бастап жұмыс істеп, оған елдің барлық соттары қосылып жатыр, кезек Қарағанды облысына да келді, деп атап өтті бағдарламаны таныстырған ҚР Жоғарғы соты аппараты басшысының орынбасары Болат Сақалов.
Бұл бағдарлама азаматтарға Қарағанды облыстық сотының интернет-ресурстары арқылы барлық саты бойынша жүргізілетін сот істерінен мәлімет алуға мүмкіндік береді, сот істерінің бірқатар түрлері бойынша ақпарат алуға шектеу қойылған. Ашық қолданыста сайтқа кірушілер азаматтық істерге қатысты сот шешімдерін таба алады және ашық сот барысында қаралған қылмыстық істердің үкімі туралы ақпарат ала алады.
«Осылайша, сот органдары қызметінің әділеттілігі қамтамасыз етіліп және сот төрелігі кең көлемде танылады. Сонымен қатар, бұл сот процессіне қатысушылармен қарым-қатынаста болатын сот қызметкерлерінің жүгін жеңілдетеді», - деп атап өтілді Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығында.