Қарағанды облыстық сотында жемқорлық қылмыстары үшін сотталған Жоғарғы Соттың экс-судьяларының апелляциялық арызы қаралады

ҚАРАҒАНДЫ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандының облыстық сотында жемқорлық қылмыстары үшін сотталған ҚР Жоғарғы Сотының бұрынғы судьялары Сайлаубек Жәкішев пен Алмаз Тәшенованың апелляциялық арызы қаралатын болады.  
None
None

Бұл туралы Қарағанды облыстық соты БАҚ-пен байланыс бөлімінің үйлестірушісі Раушан Серғазина хабарлады.

«Іс келіп түсті. Осы іс бойынша қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының отырысы 23 қазанға белгіленді. Істі судья Роза Нұрмаханова қарайды»,- деді Р. Серғазина.

Естеріңізге сала кетейік, ЖС-тың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау алқасының бұрынғы төрағасы мен судьясы 54 жастағы А. Тәшенова мен 62 жастағы С. Жәкішев аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша кәнілі деп танылды. Мемлекетке келтірілген шығын 495 млн. теңгеге бағаланды. Анықталғандай, судья А. Тәшенова 70 мың АҚШ доллар мөлшерінде пара алған.

ЖС-тың бұрынғы судьяларының соты алқа билердің қатысуымен Ақмола облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өтті. А. Тәшенова 10 жылға, С. Жәкішев жазаларын жалпы режімдегі колонияда өтеумен 12 жылға сотталды. Сондай-ақ олардың мүлкі тәркіленіп, 5 жылға дейін судья және мемлекеттік органдарда лауазымды қызметтерді атқару құқықтарынан айырылды.

Істі болған экс-судьялар өз кінәларын мойындамады. Олар апелляциялық тәртіпте үкімге қарсылық білдіріп, іс жан-жақты әрі әділ қаралу үшін оны басқа облыстық сотқа беру туралы өтінімхат жазды.

Соңғы жаңалықтар