Қарағанды облысы Абай ауданында төтенше жағдай жарияланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Абай ауданында күрделі ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы ТЖД бастығының орынбасары М. Қатпанов хабарлады.
None
None

«Абай ауданының аумағында ауа райының нашарлауына байланысты жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. ТЖ резерв қорының қаражаты есебінен шаралар қабылданады», - деді М. Қатпанов баспасөз мәслихатында.

Ол облыста күрделі жағдай 23 желтоқсаннан бастап қалыптасқанын атап өтті. «30 желтоқсанда да жел күшейіп, бұрқасын болатыны туралы ескерту алдық», - деп қосты ол.

Облыс жолдарында қар құрсауында қалған жүздеген көліктерге көмек көрсетілді. Ведомствоның хабарлауынша, қарға малтыққан көліктер саны мыңға жуық. «Облыста жол қозғалысының шектелуіне байланысты кептелісте, өткізу пункттерінде тұрған көліктер: 1480 бірлік техника, оның ішінде жүк көлігі - 1303, автобус - 27, жеңіл көлік - 150, оның ішінде Осакаровта - 150, Қарағандыда - 200, Ақсу-Аюлы - 350, Балқашта - 700 және «Спасск» аумағында - 180», - деп нақтылады М. Қатпанов.

Соңғы жаңалықтар