Қарағанды облысы әкімдігінде облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды және кадрлық ауыстырулар болды

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтің өкімімен ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісіле отырып, облыс әкімінің орынбасары қызметіне Арман Қырықбаев тағайындалды,
None
None

деп хабарлайды облыс әкімінің бюаспасөз қызметі.

Ол әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелерін басқарады. Бұрын осы саланы басқарған облыс әкімінің орынбасары Рыскелді Сәтбаев енді құрылыс, көлік және байланыс салаларына басшылық етеді.

А.Қырықбаев 33 жаста. Бұған дейін ол ҚР Мәдениет және ақпарат министрлінің Мәдениет комитетінің төрағасы болып жұмыс жасады. Екі жоғары білімі бар. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандықтары - халықаралық экономист, халықаралық қатынастар саласындағы маман. Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің референті болып бастады. Одан кейін Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде атташе, үшінші хатшы, ТМД Комитетінің Орталық Азия және Кавказ елдері бөлімінің екінші хатшысы болды. Алматы қаласындағы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласындағы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры қызметтерін атқарды.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хбарлауынша, облыс әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев лауазымдық қызметінен өз еркімен босатылды.

Соңғы жаңалықтар