Қарағанды облысы әкімі аппаратының жетекшісі болып Асқар Ыдырысов тағайындалды

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Президенті Әкімшілігімен келісе отырып, Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайыновтың өкімімен Асқар Абылайұлы Ыдырысов облыс әкімі аппаратының жетекшісі болып тағайындалды», - делінеді аймақ басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Облыс әкімі аппаратының бұрынғы жетекшісі Қариполла Мұқатов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
А. Ыдырысов 37 жаста. Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті мен Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша инженер-электр механигі, экономист. Экономикалық ғылымдардың кандидаты.
1999 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Орталық органдарда түрлі қызметтерде жұмыс істеген. Аталған қызметке тағайындалуға дейін 2008 жылғы қараша айынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарды.