Қарағанды облысы аумағындағы жолдарды қардан тазалау жұмыстарына жүздеген техника жұмылдырылуда

Еске сала кетейік, 2015 жылғы 23-30 желтоқсан аралығында ауа райының нашарлауы салдарынан Қарағанды облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың 80-нен астам учаскесінде бір уақытта жағдай қиындаған болатын. Қалыптасқан жағдайға байланысты облыстың аудандардағы жекелеген ауылдық округтердің аумағында жергілікті көлемдегі төтенше жағдай жарияланған.
22 желтоқсаннан бастап ІІМ төтенше жағдайлар бөлімшелері Қарағанды облысындағы тас жолдардың жабылуы туралы халыққа бірнеше рет хабар берді. Аталған кезеңде теледидар арналары, теледидардағы жүгіртпе жолдар, SMS пен радио хабарламалар және басқалар арқылы орталықтандырылған құлақтандыру жүйесімен 7 алдын ала ескерту азаматтардың назарына жеткізілді.
Тас жолдардың жабылуына байланысты елді мекендердің сыртына шығуға болмайтыны туралы ұсынымдар мен қалыптасқан жағдай туралы республикалық БАҚ-тарда ақпараттардың жариялануына қарамастан азаматтар белгілі тыйым салуларды бұзып жолға шығуларын тоқтатпады.
Тек 23-30 желтоқсан аралығында облыстың өткізу пунктінде мыңнан астам бірлік техника жиналды. Батыл құтқарушылардың, полиция қызметкерлерінің, жол ұйымдарының қызметшілері мен Ұлттық ұлан және Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерінің күшімен облыстың сегіз ауданы автожолдарында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар, жол төсемелерін тазалау және жолдағы қозғалысты реттеу жұмыстары бір уақытта жүргізілді.
Облыста барлығы 550 жеңіл, жүк автомашинасы мен автобус қар құрсауынан шығарылды, 570 адам, оның ішінде 24 бала құтқарылды, 840 адам эвакуацияланды. Тек «Алматы-Екатеринбург» автожолында 155 адамды эвакуациялау бойынша 6 авариялық-құтқару жұмысы жүргізілді, «Қызылорда-Павлодар» автожолында қар құрсауында қалған 116 адам эвакуацияланды. Қарағанды қаласы - Ақсу-Аюлы кенті учаскесінде аса күрделі жағдай белең алды, онда 80 бірлік жүк және 45 жеңіл техника қар кептелісінде қалды.
Авариялық-құтқару жұмыстары қатты жел, қатты жауған қар, жолдардың мүлдем көрінбеуі салдарынан қиындады. Қар құрсауында қалған көлікті сүйреп шығару, қар тазалайтын және инженерелік техниканың жол төсемелерін тазалау бойынша қажетті маневрі қар құрсауында тұрған автомашиналардың орындарын белгілеуге де мүмкіндік бермеді. Жағдай ауа температурасының төмендеуіне байланысты қиындады, ол қар жамылғысының жағдайы мен оны тазалау уақытына да әсерін тигізді.
Автожолдарда тұрған азаматтарды эвакуациялау оларды теміржол көліктермен баратын жерлеріне тегін жіберу жұмыстары ұйымдастырылды. Осылайша, 930-дан астам адам жіберілді.
Төтенше жағдайларды жою кезеңінде авариялық-құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар және ішкі істер департаменттерінен, Ұлттық ұланнан, Қорғаныс министрлігінен, жергілікті атқарушы органдар мен жол ұйымдарынан 652 адам және 284 бірлік техника жұмылдырылды.
Қар құрсауын жоюға жұмылдырылған барлық ұйымдардың күш салуы және батылдығы арқасында азаматтардың қаза болуына жол бермеуге және зілзала салдарын азайтуға қолжеткізілді.
Жолдағы көлік кептелісінің негізі себептерінің бірі қар құрсауында қалған азаматтардың, оның ішінде белгілі тұлғалардың өз бастамашылығымен жалпы ақпарат көздері, СМС-хабарламалар көмегімен берілген дауылды алдын ала ескертулерге құлақ аспауы болып табылатынын атап өткен жөн. Көрсетілген жауапсыз іс-қимылдар жүргізушілердің де, жолаушылардың, отбасы мүшелері мен балаларының өміріне және денсаулығына қауіп төндіреді.
Қазіргі уақытта жолдардың күрделі учаскелерінде жол ұйымдарының күштері тар учаскелерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, оларды тазалау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Мәселен, бүгін республикалық маңызы бар жолдарды тазалау үшін жол ұйымдарының жүзден астам техникасы жұмылдырылды.
Жолдардың әлеуетті қауіпті учаскелерінде облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция күштері жол қозғалысын реттеу жұмыстарын жүргізуде. Қызметке кіріскен жол-патрульдық полицияның барлық жасағы қажетті нормаларға сәйкес автомобиль және ауыспалы радиостансаларымен қамтамасыз етіледі.
Қыс мезгіліндегі қолайсыз ауа райы кезеңінде жол-көлік оқиғалары, азаматтардың үсуі мен қаза болуы санын мақсатында жергілікті және республикалық маңызы бар автожолдар кезең-кезеңмен жабылып тұрғанын естеріңізге сала кетейік.
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жүргізушілерді дауылды алдын ала ескертулерді тыңдап, жолдарды қар басқан және көктайғақ кезінде сапарға шықпауға шақырады.