Қарағанды облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне А. Ахметова тағайындалды

ҚАРАҒАНДЫ. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевтің өкімімен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына 33 жастағы Арман Ахметова тағайындалды,
None
None

деп хабарланды өңір басшысының баспасөз қызметінен.

Бұған дейін А. Ахметова аталмыш басқармада басшының орынбасары болып қызмет етті.

Оның екі жоғары білім бар: «Халықаралық экономикалық қарым-қатынастар, экономист», «құқық бакалавры» мамандықтары бойынша Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Облыстық коммуналдық жекеменшік және мемлекеттік сатып алулар департаментінде, облыстық қаржы департаментінде, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің аппаратында - өңірлерді дамыту бағдарламасының басым бағыттарын бақылау, әлеуметтік-экономикалық даму бөлімдерінде қызмет етті.

Соңғы жаңалықтар