Қарағанды облысы Еркіндік ауылында 21 000 м2 аумақта дезинфекция жүргізілді - ҚР АШМ

«Ветеринарлық бақылаудан өтуі тиіс жануарлар мен тауарлардың алдын алу мақсатында Еркіндік ауылына кіретін жерде 2 блок-бекеті орнатылды. Тәулік бойы кезекшілік атқарылуда, аудандық полиция мен ТЖБ қызметкерлері жұмылдырылды. Жануарлардың заңсыз орын ауыстыруының алдын алу үшін Еркіндік ауылының сыртында ор қазылды. Эпизоотиялық ошақты жоюға облыстық және аудандық деңгейдегі 28 маман, 6 бірлік арнайы техника (2 дезинфекциялық жабдық, 1 жылжымалы инсинератор, 2 бірлік ГАЗ-53, 1 НИВА) жұмылдырылды.
Тұрғындармен кездесу өтіп, онда қауіпсіздік шаралары айтылды», делінген ведомство хабарламасында.
Ағымдағы жылы 23 маусымда Қарағанды облысының аумақтық инспекциясы облыстық әкімдікке аумақты аймақтарға бөлу ұсынысын дайындады. Осыған дейін 22 маусымда Халықаралық эпизоотикалық бюроға болған жағдай жайлы хабарлама ұсынылды.
ҚР АШМ баспасөз қызметінен атап өткендей, эпизоотикалық жағдай бақылануда.
Қазір Еркіндік ауылында «Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ» РМК залалсыздандыру шараларын атқаруда. Барлығы 120 аула анықталды.
Жануарлардың аса қауіпті ауруларына ветеринариялық алдын алу шаралары жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың наурыз айында аталмыш кенттегі барлық ауыл шаруашылығы жануарлары (3860 бас) Сібір жарасына қарсы егілгенін атап өту қажет.
Қазір Еркіндік ауылы аумағында карантин бекітілді.
Елді мекенде жануарларға екпе жасау үшін республикалық қордан сібір жарасына қарсы 3000 доза вакцина бөлінді. Қазір малға екпе егу жұмыстары атқарылып жатыр.