Қарағанды облысы Еркіндік ауылында республикалық эпизотикаға қарсы жасақ жұмыс істеуде - Ш.Мамалинов

«Қазіргі таңда Еркіндік ауылында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары жетекшілік ететін республикалық эпизоотияға қарсы жасақ жұмыс істеп жатыр. Олар қондырғыларын, арнайы құралдарын әкелген. Барлық жұмысты өз бақылауларына алды», - деді Ш. Мамалинов баспасөз мәслихатында.
Ол түйнеме қаупі төнген сәттен-ақ, тиісті шаралар қолға алынғанын, республикалық комиссия жұмыс істеп, қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
«Сондай-ақ, кеше Алматыдан санитарлық қызмет мамандары келді. Барлығы нұсқау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. 19 маусымнан бастап, 15 адамнан тұратын мобильді ветеринарлық жасақ құрылды. Олар әрбір үйге барып, малдың жағдайын бақылайды», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Ветеринарлық қызмет қазіргі уақытта үй жануарлары ауруына қатысты өзге дерек тіркелмегенін айтты.