Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында кәсіпкер әйелдің отбасына қарулы шабуыл жасалды

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында сауда-саттықпен айналысатын кәсіпкер әйелдің отбасына қарулы шабуыл жасалды. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Роза Ібілдаева сейсенбі, мамырдың 25-і күні болған брифингте айтты.
None
None

«Бетперде киген алты адам кіреберіс есіктің құлыпталмағанын пайдаланып, 39 жастағы кәсіпкер әйелдің үйіне баса-көктеп кірген. Шабуыл жасаушылар 28-ші калибрлі бірауызды мылтықпен және «Оса» жарақаттау қаруымен қаруланған болатын. Олар үй иесін, оның туысқан сіңлісін, 15 және 9 жасар ұлдарын байлаған. Содан кейін сейфті ашуға мәжбүрлеп, ол жерден 1 млн. 780 мың теңге ақша, алтын сырғалар мен қымбат тастары бар жүзікті алған», - деп хабарлады Р.Ібілдаева.

Анықталғандай, қылмыскерлер кәсіпкер әйелдің 20 жастағы қызын аңдып, үйінің алдына келгенде оны ұстап алған, қол-аяғын байлап, автокөліктің жүк салғышына қамап кеткен. Қыз қашып шығып, полиция мен ағасына болған жағдайды жеткізген.

«Қарақшылар үйден терезе арқылы секірген. Күдіктілердің біреуін өтіп бара жатқан патруль ұстап алған. Ұсталған адам кінәсін мойындаған. Қалғандарының кімдер екені анықталып, оларды қолға түсіруге дайындық жүргізіліп жатыр. Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалады», - дейді Р.Ібілдаева. Оқиға орнынан полицейлер мылтық, тымақ-бетперделер, қолғаптар, скотч және басқа да айғақ заттар тапқан.

Облыстық ІІД басқарма жеткшісінің айтуынша, шабуыл жасағандар - 23 және 25 жас аралығындағы жас жігіттер. Олардың біреуі - Қарақаралы қаласының тұрғыны, «Қалғандарының барлығы Қарағандының азаматтары, осыған дейін олардың ешқайсысы қылмыстық іске тартылмаған», - деп атап өтті Р.Ібілдаева.

Соңғы жаңалықтар