Қарағанды облысы Нұра ауданында мектеп ғимараты қирады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Үшінші қазан күні Қарағанды облысы Нұра ауданы Балықтыкөл ауылында екі қабатты мектеп ғимаратының бірқатар бөлігі құлап, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Бүгін 9:40-та Нұра ауданы Балықтыкөл ауылында мектеп ғимараты құрылысының қирағаны жайлы хабарлама келіп түсті. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде екінші қабаттағы төрт шаршы метрлі дәліздегі плита жабындысы құлағандығы анықталды. Бір жұмысшы зардап шекті», - деді Қарағанды облысы ТЖ департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Жедел құтқару жасағының құтқарушылары, №25 өрт сөндіру бөлімшесінің мамандандырылған қызметкерлері және «Көмір» апатты-құтқару қызметкерлері дереу оқиға орнына аттанды.

Қарағандыдан Балықтыкөл ауылына дейінгі аралық 140 шақырымнан артады.

«Құтқарушылар оқиға орнына жеткенше, жергілікті атқарушы органдары қызметкерлері және құрылысшылардың күшімен үйінділер астында қалған бір адам құтқарылып, Шахтинск ауруханасына жеткізілді деген  хабарлама келіп түсті», - деді Жанна Дәуренбекова. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум