Қарағанды облысы жергілікті полиция үшін 50 млн теңгеге бейнетіркегіш сатып алады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы жергілікті полицияның жұмысын тиімді ету үшін 50 млн теңгеге видеотіркеу құралдарын сатып алады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті.

Қарағанды облысы жергілікті полиция үшін 50 млн теңгеге бейнетіркегіш сатып алады

«Жыл басынан бері облыстың барлық аудандарында жергілікті полиция құрылып, полицияның 19 басшысы тағайындалды. Жаңа құқық қорғау органының штатында 2 700-ден астам қызметкер бар. Жергілікті полицияның қызметі үшін 350 көшпелі видеотіркеу құралын сатып аламыз, бұл мақсатқа биыл 52,5 млн теңге бөлінді», - деп хабарлады Н.Әбдібеков аймақтық орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде.

Оның айтуынша, облыстық ішкі істер департаментінің жанынан консультативті-кеңестік орган құрылған. Орган құрамына үкіметтік емес ұйымдар мен мәслихат депутаттарының атынан 9 адам мүше болып отыр.