05:47, 29 Тамыз 2017 | GMT +5
Қарағанды облысына жаңа прокурор тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 тамыз күні Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурор Жақып Асановтың бұйрығы бойынша Марат Исламханұлы Сексембаев Қарағанды облысының прокуроры болып тағайындалды. Бұл лауазымды 2016 жылдан бері Ыбырай Ашимханұлы Тілеуғалеев атқарып келген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Марат Сексембаев Торғай облысы, Арқалық қаласында 1979 жылы дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Әр жылдарда прокуратура, әділет органдарында, қаржы полициясында қызмет еткен. 2014-2016 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2016 жылдан бүгінге дейін Бас прокуратураның қоғамдық мүддені қорғау департаментінің басшысы болып істеді.