Қарағанды облысынан көлік ұрлаған күдікті елордада полицейді қағып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Жаңарқа елді мекенінен көлік «Митцубиси» маркалы көлікті ұрлап, айдап кеткен күдікті елордада ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«25 қыркүйек күні сағат 13:55-те 102 нөміріне Қарағанды облысының Жаңарқа елді мекенінен таңғы сағат 05:00-де «Митцубиси» маркалы автомобильді айдап кеткені туралы бағыттама түсті. Қабылданған іс-шаралардың арқасында аталған көлік елорда аумағында байқалды. Автопатрульдерге көлік ұрысын ұстау туралы ақпарат жедел таратылды. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің «тоқта» деген заңды талабына бағындай, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, жол жүрісі ережесін өрескел бұзды», - деп атап өтеді


департаменттен.


Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері күдікті көлікті Ташенов көшесі бойында қоршауға алған. Бірақ, ұрланған көліктің рөлінде отырған күдікті артқа жүріп, полиция қызметкерін қағып кеткен. Полиция қызметкері дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

«22 жастағы құқық бұзушы ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлікті айдап әкетумен қатар күдіктің үстінен ҚР ҚК 380-бабы 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалды», - деді қалалық полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар