20:51, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Қарағанды облысында 105 жастағы ұзақ өмір сүрген екі кейуана санақтан өтті
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Қарағанды облысында аймақ тұрғындарының есептік санының 69 пайызы санақтан өтті. Бұл жөнінде бүгін өткен брифингте облыстық статистика департаментінің бастығы Людмила Колесова мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Департамент басшысының айтуынша, жұмыс істейтін халықтың үйлерінде болуына байланысты демалыс күндері санақты жылдамдатуға қол жеткізілді. «Егер алғашқы үш күнде санақ парақтарын 140-160 мың адам толтырса, сенбі күні бұл сан 203 мыңға, жексенбіде ? 224 мыңға өсті», ? деген деректерді келтірді Л. Колесова.Л. Колесованың хабарлауынша, облыста 100 және одан жоғары жастағы 9 ұзақ өмір сүрген адам санақтан өтті. Олардың барлығы да кейуана қариялар. Олардың ең үлкен екеуі 105 жаста: олар ? Сәтбаев қаласының тұрғыны Анастасия Хвост пен Қаражал қаласының тұрғыны Құрмангүл Тоғапақова.