Қарағанды облысында 13 киікті сойып алған браконьерлер ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 13 киіктің  сойылған тұтас еттері бар екі браконьер ұсталды, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

«Үшінші желтоқсан күні Жезқазған қалалық ІІБ-нің табиғатты қорғау және малдәрігерлік полиция қызметкерлері мен Жезқазғандағы аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының инспекторлары «Ұлытау-Сәтбаев» көлік жолында Сәтбаев қаласының 28 жастағы тұрғыны жүргізген «Тойота Лэнд Крузер» көлігін тоқтатты. Көліктің ішінде 26 жастағы жолаушы отырды. Тексеру кезінде көліктің ішінен жануарлардың (алдын ала болжам бойынша киіктердің) басы және терісі жоқ 13 тұтас еті табылды», - делінген облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада.

Полицияның ақпаратынша, сонымен бірге көлік жүргізушісінің есіміне тіркелген МР-153 тегіс оқпанды аңшылық мылтығы алынды.

«Бұл факт ҚР ҚК-нің 288 бабы (заңсыз аңшылық) бойынша тіркелді. Алынған тұтас киік еті төшкелері сараптамаға жіберілді», - деп қосты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар