Қарағанды облысында 2,5 мыңдай ұсақ мал қырылып қалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ақтоғай ауданының Абай, Жидебай, Нұркен, Сарытерек селолық округтерінде, Шет ауданының Ақжал, Ақшатау, Ағадыр, Кеңшоқы селолық округтерінде күннің күрт суытып, нөсер жауынның болуынан және малды уақытында қораға қамап үлгермеудің салдарынан маусымның 29-ында ұсақ малдар қырылып қалды. Атап айтқанда, Ақтоғай ауданында - 987 бас, Шет ауданында - 1 824 ұсақ мал қырылды.
Қырылған малдың басым бөлігін жаңа ғана жүні қырқылған қой-ешкілер құрап отыр. Ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтай отырып, мал өлекселерін көму шаралары ұйымдастырылуда, оқиғаның себептерін тексеру үшін әкім орынбасарларының жетекшілігімен аудандық комиссия ауылдарды аралауда.