22:44, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қарағанды облысында 200-ге жуық полицей марапатталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық ІІД-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Мергенбай Жаппаров көзге түскен қызметкерлерді марапаттады.
«Тәуелсіздік күні құрметіне 200-ге жуық полиция қызметкері марапатталды. ҚР Президентінің Жарлығымен Қарағанды қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел қызметкері, майор Дмитрий Базяк Құрмет грамотасына ие болды. Сегіз қызметкер ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды. Ішкі істер органдарының ардагерлері де шет қалмады», - делінген хабарламада.
Шара мерекелік концертке ұласты.