17:02, 30 Тамыз 2014 | GMT +5
Қарағанды облысында 2012 жылы тек көшелерді жарықтандыруға 2,2 млрд. теңге қаражат бағытталды - Н. Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында шағын қалаларды дамытудың арнайы бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы тек көшелерді жарықтандыруға 2,2 млрд. теңге қаражат бағытталды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары кезінде мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың твиттердегі парақшасында. «Өңірде 8 шағын қала бар, оларға қатысты арнайы бағдарлама қабылданды. Алайда 2012 жылы тек көшелерді жарықтандыруға 2,2 млрд. теңге қаражат бағытталды», - деді Н. Назарбаев.