Қарағанды облысында 300-ден астам нысан заңдастырылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында мүлікті заңдастыруға 800-ден астам өтініш түсті. Қазір 4,5 млрд. теңге сомасына 300-ден астам нысан заңдастырылды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Бүгінде аймақта 10,1 млрд. теңгенің мүлкін заңдастыру бойынша 810 өтініш келіп түсті. Олардың 509 қайтарылды, 295-сі қолдауға ие болды. Жалпы сомасы 4,5 млрд. теңгені құрайды. Жалпы 325 нысан, соның ішінде 31 - тұрғын үй, 294 - тұрғын үй емес нысаны заңдастырылды», - делінген хабарламада.

Қарағандыда - 146, Жезқазғанда - 43, Теміртауда - 36, Бұқар Жырау ауданында - 17, Абай ауданында 13 нысан заңдастырылды.

Облыста қалалар мен аудандар әкімшілігінің жанынан мүлікті заңдастыру бойынша 18 комиссия мен 21 өтініштерді қабылдау пункті жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар