Қарағанды облысында 4 мыңға жуық оқушы бюджет есебінен ЭКСПО көрмесін тамашалайды

 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 6-10 сыныптардың 4 мыңға жуық оқушысы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесін тамашалайды. 
None
None

Атап айтқанда, дарынды балалар, жетімдер, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар тегін жолдамаға ие болады, деп хабарлайдыkaraganda-region.kz. 

Білім басқармасынан 49,5 миллион теңге бөлінеді. Бір оқушыға берілетін үш күндік экскурсияға 27 мың теңге жұмсалмақ. Оған жолақы, жатын орны, бес рет тамақтану, ЭКСПО көрмесін, сондай-ақ елорданың көрікті жерлерін тамашалау кіреді. 

Балалар 150 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Астанаға балалар үйлері мен арнайы интернаттардан 1050 бала, сондай-ақ, облыстың мектептерінен 2700 оқушы барады.

 

Соңғы жаңалықтар