Қарағанды облысында 50 гектардай аумақ өртеніп кетті

ҚАРАҒАНДЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Жараспай ауылына жақын жерде сәрсенбі, маусымның 16-сы күні 49 гектар аумақты қамтыған дала өрті болды,
None
None

деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өртке қарсы ерікті құрамның мүшелері төрт сағатқа жуық уақыт ішінде жалын тілін ауыздықтады, деп аталып өтілген хабарламада.

Өртті тоқтату үшін 12 адам мен үш техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар