Қарағанды облысында 51 адам әкімшілік қамауға алынды
ТЖ режимін бұзғаны үшін барлығы 586 әкімшілік хаттама толтырылды. 51 адам әкімшілік қамауға алынды. 14 бұзушыға айыппұл салынды, тағы 460 адам ескерту алды.
Полиция қызметкерлері тыйым салынған 36 затты тәркіледі. Балқаш блок-бекетінен 53 жастағы қала тұрғыны басқарған Land Cruiser автокөлігінен тегіс ұңғылы қаруға 6 патрон табылды. Иесіне қатысты азаматтық қаруға патрондарды тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін хаттама жасалды.
Сондай-ақ, ТЖ кезінде полиция қызметкерлері 16 бірлік тегіс ұңғылы қару, 6 пышақ тәркілеп,
есірткі заттарын сақтаудың 8 фактісін анықтады.
Қарағанды облысының полиция департаменті тұрғындарды төтенше жағдай режимін бұзбауға
шақырады және полицейлердің жұмысына түсіністікпен қарайтын және оларға жәрдем көрсететін азаматтарға алғыс білдіреді.