13:54, 06 Қазан 2012 | GMT +5
Қарағанды облысында 65 мыңнан астам адам тұмауға қарсы тегін егіледі
ҚАРАҒАНДЫ. 6 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 65 мыңнан астам адам тұмауға қарсы тегін егіледі.

Бұл туралы облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қазақстанда 2012-2013 жылдардың эпидемиялық маусымында Францияда шығарылған тұмауға қарсы «Ваксигрипп» вакцинасын қолдануға кеңес етілген. Қарағанды облысында биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұл вакцинаның 65 300 дозасы сатып алынды. Оған 45 млн. теңгеге жуық ақша жұмсалды», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Жыл сайын тұмаудың алдын алу екпелері 1 қазаннан бастап 15 қарашаға дейін өткізіледі, деп еске салады облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметінен.