Қарағанды облысында 8 млрд. тоннаға жуық қалдықтар қордаланып қалған

ҚАРАҒАНДЫ. 7 наурыз.ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша экология департаментінде «Қоқыстарды кешенді түрде жою мәселелері және қалдығы аз технологияны енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
None
None

Дөңгелек үстелдің қатысушылары бұл мәселені шешу жолдарын талқылады.

«Жыл сайын орташа алғанда қалдықтардың 35 пайызы жойылады, ал жылына 160 млн. тонна қалдық сол жиналған күйінде қалады. Жалпы алғанда Қарағанды облысы бойынша 8 млрд. тоннаға жуық қалдық қордаланып қалған», - деді Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің басшысы Зұлфухар Жолдасов.

Ведомствоның мәліметтері бойынша, 213 полигонда орналасқан коммуналдық қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі облыста 7,7 млн. тоннаны құрайды.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілі Нина Гор жиналғандарды «жасыл көпір» бастамасы жөнінде ақпараттандырды.

Дөңгелек үстелге ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» РМК-ның, мемлекеттік органдардың, облыстағы ірі кәсіпорындардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар