Қарағанды облысында адасқан балықшылар табылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында құтқарушылар Балқаш көлінде бағытынан жаңылған балықшыларды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жас жігіттер қайығы бұзылғандықтан, жағалауға жете алмай, ағыстың екпінімен кете барған.

«4 маусым, дүйсенбі күні 22:35-те Қарағанды облысының құтқарушыларына Балқаш көлінде, жағалаудан 15 шақырым қашықтықтағы екі балықшы көмекке мұқтаж екендігі туралы хабар келді. 26 және 27 жастағы екі жігіт моторлы қайықпен балық аулауға шыққан. Бірақ қайығы бұзылып, жағалауға жете алмаған. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару отрядының құтқарушылары көмекке барды», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Абырой болғанда, балықшыларды құтқарудың сәті түскен, жігіттер медициналық көмекке мұқтаж емес.

Соңғы жаңалықтар