Қарағанды облысында алтын өңдеу комбинатында алғашқы құйма алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Балқаш көлінің жағасында орын тепкен Ақжайдақ елді мекенінде ірі өндіріс орны бой көтеретін күн алыс емес. Осы төңіректе алтын өндіретін өндірістік-инвестициялық жобаның қолға алынғанына үш жылдың жүзі болды, деп жазады облыстық «Орталық Қазақстан» газеті.
None
None

Қазақ жерінің қазба байлығын жаңаша игеру, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жөнінде Елбасы арнайы тапсырма берген болатын. «Алтын алмас» акционерлік қоғамының игілікті істері - соның жарқын көрінісі.

Қазір көл жағасында шағын қалашық пайда болды. Алтын өңдейтін комбинаттағы өндірістік құрал-жабдықтар әлемдегі озық үлгідегі технология болып табылады. Қорыту пеші Таиландтан әкелінген. Арнайы таиландтық маман келіп, жұмыс процесін көрсетіп, тәжірибе бөліскен.

Жуырда өндірісте алғашқы алтын құймасы алынды.Оның жылдық қуаты 2 млн. тонна кен өндіруге жетеді. Сөйтіп, жылына 2,4 тонна таза алтын алуға мүмкіндігі бар. Жаңа жобаның құны - 25 512 млн. теңгені құрап отыр. Өндіріс орны толықтай іске қосылғанда 524 адам жұмысқа тартылады. Ал шикізат 200 метр тереңдіктегі шахталар арқылы алынады.

«Алғашқы қадамымыз жаман емес. Бізде кеншілердің тұрмыстық жағдайын жаңа заман үлгісіне сай жабдықтау қолға алынған», - дейді кәсіпорын директоры Дияр Қанашев.

Соңғы жаңалықтар