Қарағанды облысында апатқа ұшыраған тікұшақ 100 метр биіктіктен құлаған

АҒАНДЫ.  Шілденің   13-і.   ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -   Қарқаралы    ұлттық    саябағы аумағын   жоспарлы  шолу  кезінде  апатқа ұшыраған   «MD-600»   тікұшағы  100 метрлік  биіктіктен   құлаған.   Бұл туралы  бүгін   баспасөз мәслихатында   Қарағанды  облысы  бойынша  Төтенше жағдайлар  жөніндегі  департамент бастығының  орынбасары  полковник Насретдин  Балтынов мәлім етті,
None
None

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Апат орнына болып  қайтқан      Н.Балтыновтың айтуынша,   оқиға   тікұшақ   Кент  орман шаруашылығын  аралап болып,      қонатын базалық  ауданға қайтып  келе жатқан  кезде  болған.  «Авиамашина     Қарқаралыдан  30 шақырым  жерге,  ал   Қасым Аманжолов атындағы  ауылдық  округтің  Ақтерек  елді мекенінен  шығысқа қарай 12 шақырымдай  жерге  құлаған»,  деп нақтылады  Н.Балтынов.

АҚШ-та  жасалған «MD-600»   тікұшағы  «Қазагроавианың» «Аспан»  акционерлік  қоғамына   тиесілі екен. «Бізге берілген  мәлімет бойынша,  тікұшақ  - 2004 жылы шығарылған.  Ол - салыстырмалы түрде жаңа  машина. Оның  ұшқанына көп бола қоймаған»,  - дейді       облыстық төтенше жағдайлар  жөніндегі  департамент бастығының  орынбасары.

Оның айтуынша,  төтенше  оқиға  туралы     ұшқыштардың бірі  ұялы телефон арқылы Қарқаралы    ұлттық    саябағының қызметкерлеріне    хабарлаған.   Апаттың салдарын  жоюға   облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  жедел тобы,  аудандық  ішкі істер  бөлімінің,  аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің  қызметкерлері,   «жедел жәрдем»  бригадасы,    40-шы өрт сөндіру бөлімінің  кезекші  қарауылы,   Қарқаралы әкімдігінің   өкілдері,  ұлттық саябақтың  қызметкерлері  жұмылдырылған.

Апат кезінде тікұшақ бортында   4 адамның: екі  ұшқыш  пен ұлттық саябақтың    екі орманшысы  болғанын  ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған еді.    Оқиға салдарынан  екі адам -  ұлттық  саябақтың   қызметшілері    зардап шеккен.  Н.Балтыновтың айтуынша,  біреуі   -тілерсектен, екіншісі  жамбастан  жарақат алған.

Әзірге  тікұшақтың апатқа ұшырау себебі  туралы ешқандай  мәлімет жоқ. «Оны     авиакомпания жанынан құрылған   арнайы    комиссия анықтайды»,  деді Н.Балтынов.

Зардап шеккендер    алдымен   аудандық орталық ауруханаға    жеткізіліп,   онда    алғашқы  көмек көрсетілгеннен кейін  облыс орталығындағы Мақажанов атындағы  емханаға  ауыстырылған.

Соңғы жаңалықтар