Қарағанды облысында ауа райына байланысты жолда қалған адамдарды тамақтандыру жұмыстары ұйымдастырылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған жолаушылар тамақпен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік баспасөз қызметінен.
None
None

«Қарағанды облысында желтоқсанның 28-інен бастап, 30-на дейін 19 елді мекендегі жол бойында орналасқан мейрамхана, кемпиг және асханаларда жолаушыларды тамақтандыру шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ұзақ сақталатын азықтар таратылған. Сондай-ақ, жүк көліктерімен тасымалданып бара жатқан малдарға беру үшін жем-шөп әзірленген», - делінген хабарламада.

Нақтылай кетер болсақ, тамақтандыру орындары Қарағандыда, Балқашта, Абай, Шет және Осакаровка аудандарында ұйымдастырылған.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 4500 адам тамақтандырылып, 4 560 адамға жол азығы, 1000 литрден астам ауыз су үлестірілді. 8,2 тонна жанар-маймен қамтамасыз етілді.

Соңғы жаңалықтар