Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан Балқаш бағытындағы жол жабылды

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан қоғамдық және жүк көліктері үшін Балқаш бағытындағы жол жабылды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
None
None

Басқа жол бағыттары бойынша шешім жағдайға тәуелді қабылданатын болады. Жол полицейлері автомобильшілерге алыс жолға шығудан бас тартуды ұсынады.

Қазіргі уақытта облыс аумағында қар жауып тұр. Синоптиктердің болжамынша, қаңтардың 7-сіне қараған түні ауа күрт суытып, 15-20 градусқа дейін аяз болады, одан кейін 18-23 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Солтүстік аудандарда температура 28-33 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар