Қарағанды облысында ауа райының салдарынан «Жезқазған-Петропавл» тас жолында көлік қозғалысы жабылды

ҚАРАҒАНДЫ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында қарлы боранға байланысты тағы да ескерту жарияланып отыр,
None
None

деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

«Қазгидрометтің» Қарағанды гидрометеорология орталығының ақпараты бойынша, 8 ақпанда облыстың басым бөлігінде қарлы боран және қатты жел күтілуде. Желдің екпіні 15-20 метр/секундқа, кей жерлерде 28 метр/секундқа дейін жететін болады», делінген департаменттің хабарламасында.

Ауа райының нашарлауына байланысты жол полициясы 7 ақпан күні сағат 17.20-дан бастап «Жезқазған-Петропавл» тас жолы учаскесінде көлік қозғалысын жауып тастады.

Соңғы жаңалықтар