Қарағанды облысында аудандық әділет басқармасының бастығы пара алғаны үшін айыпталуда

ҚАРАҒАНДЫ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Қарқаралы аудандық әділет басқармасының бастығы пара алғаны үшін айыпталуда. Бұл туралы облыстық қаржы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
None
None

«Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері пара алу күдігімен Қарқаралы аудандық әділет басқармасының бастығын ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 311 бабының 4 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оған айып тағылып, қамауға алынды», - делінеді қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қаржы полициясынан түсіндіргендей, аудандық әділет басқармасының бастығы ЖШС-нің директорынан кәсіпорынды жылдамдатып жою үшін екі рет 100 мың АҚШ долларын алған.

«Қылмыстық іс тергелу үстінде. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін таратылмайды», - делінеді хабарламада.

Соңғы жаңалықтар