Қарағанды облысында ауыл мектебінің басшылығы оқушылардың саусақ таңбасын заңсыз алғаны үшін жазаға тартылды

ҚАРАҒАНДЫ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында оқушылардың ар-намысын қорғау бойынша конституциялық құқықтары қорғалды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлайды.
None
None

«Нұра ауданының прокуратурасы Заречное ауылындағы орта мектеп оқушылары ата-аналарының ұжымдық шағымы бойынша мектеп әкімшілігінің оқушылардың конституциялық құқықтарын сақтау бойынша қызметінің заңдылық жағдайын тексерді. Мектеп әкімшілігі 113 оқушының ар-намысын қорғау бойынша конституциялық құқығын бұзғаны анықталды», - делінген қадағалау органының баспасөз қызметінен.

Прокурорлардың анықтауынша, мектеп басшылығы оқу мекемесінде Қазақстанның Мемлекеттік Туына сурет салған адамды өздігінен таппақшы болды. «Кінәліні анықтау мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары директордың келісуімен 5-10 сынып оқушыларының саусақ таңбаларын алу процедурасын өткізді», - деп атап өтіледі хабарламада.

Ведомствоның мәліметтерінше, мектептің 113 оқушысы дактилоскопиядан өтті.

«ҚР ағымдағы заңнамасының ережелеріне сәйкес адамның терісінің таңбасын алу қылмыстық қудалау органдарының қызметі ғана болып табылып, қылмыстық процеске қатыстырылған тұлғаларға ғана қатысты іске асырылады», - деп еске салады прокуратурада. Сондай-ақ қадағалау органы ҚР-нің «Білім туралы» Заңы педагогикалық қызметкерлерді «педагогикалық этика нормаларын сақтауға, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының  ар-намысын құрметтеуге» міндеттейтінін атап өтеді.

«Заңдылықты бұзудың анықталған фактілері бойынша Нұра ауданының прокуратурасы аудан әкімінің атына заңдылықты бұзу фактісін жою ұсынысын енгізді. Оны қарау қорытындылары бойынша Заречное ауылының мектеп директоры мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар