Қарағанды облысында ауыл мұғалімінің өліміне күдікті ретінде оның жұбайы ұсталды

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
«16 мамыр күні Қарағанды облысының Бұқаржырау ауданындағы ауылдардың бірінде өз үйінде маңдай, кеуде қуысының он және қолтықастының сол жағындағы түйреп-кесілген жарақаттармен ауыл мектебінде мұғалім болып жұмыс істейтін 57 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қылмысты жасады деген күдікпен Қарағандыда «Мицубиси Галант» көлігінде оның 60 жастағы жұбайы ұсталды», - делінеді облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полицияның ақпаратынша, ер адам тұрмыстық мәселелерден туындаған ұрыс кезінде зайыбына пышақ салып, ізін жасырғанын мойындады.
«Ер адамнан пышақ алынды. Ол уақытша қамау абақтысына жабылды. Өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - делінеді хабарламада.