Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы кәсіпорны бассейн салды (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Нұра ауданында Шахтерское ауылында ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қаражатына салынған жүзу бассейні ашылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков ауылдықтарды жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтай отырып, мұны елеулі оқиға деп атады. «Өздеріңізге белгілі, «Шахтерское» ЖШС басшысы, облыстық мәслихат депутаты, республикамыздың «Отан» орденінің иегері Георгий Прокоп ұйытқы болуымен дене тәрбиесі-сауықтыру кешенінің құрылысы басталған болатын. «Шахтерское» кәсіпорны бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне айқын үлгі болатын орасан жұмыс атқарды. Бүгінгі оқиға ҚР Президентінің жолдауында атап өтілген мемлекеттік-жеке әріптестікті нақты іске асыру болып табылады», - деп атап өтті ол.

Жүзу бассейнінің құрылысын толықтай «Шахтерское» ЖШС қаржыландырды. Ғимараттың жалпы алаңы - 924 шаршы метр. Бассейн тереңдігі - 1,6 - 2,2 м, алты жүзу жолағы бар. Бұдан басқа, жаттығу залы, дәрігер, бапкер кабинеттерімен жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар