Қарағанды облысында ауыл тұрғындарының төбелес орнына барған АІІБ бастығының орынбасары жарақат алды

ҚАРАҒАНДЫ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында міндеттерін атқару кезінде төбелес орнына шыққан Жаңаарқа аудандық ІІБ бастығының орынбасары зардап шекті. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Полицияның ақпаратынша, оқиға 1 шілде күні түнгі сағат 3-те Атасу кентінде орын алған. Бұзақылық төбелес кезінде 18-20 жас аралығындағы төрт жұмыссыз ауылдық тұрғын оқ жарақаттарын алды. «Сондай-ақ полицияның «ВАЗ-2121» қызметтік көлігіне оқ атылды. Сол кезде оның ішінде оқиға орнына шыққан Жаңаарқа аудандық ІІБ бастығының орынбасары отырған еді», - деп мәлімдеді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен. 

Жәбірленушілер аудандық ауруханаға жеткізілді. «Полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді. Қызметтік көлік механикалық бүлінді», деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қылмысты жасады деген күдікпен полицейлер 21 және 18 жасар ағайындыларды ұстады. Олардың бірі жұмыссыз, екіншісі кәсіби мектепте білім алуда. «Ұстау кезінде 21 жасар жігіт жіліншігі мен кеуде қуысына болар-болмас пышақ жарақатын салды. Оған медициналық көмек көрсетілді», - деп қосып өтті ІІБ-нің баспасөз қызметінен.

Полицияның ақпаратынша, ұсталғандардың үйінің қорасында 16-шы калибрлі бір ауызды тегіс оқпанды шолақ мылтық пен оқтары табылды.

Полиция бұл оқиғаны алдын ала бұзақылық (ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлімі) деп бағалады. «Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспаөсз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар