Қарағанды облысында ауыл жастары үшін жаңа колледж ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка кентінде жаңа көп салалы колледж ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Нұра көп салалы колледжі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне жасалған тағы бір сыйлық. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда қоғамның білім деңгейін көтеруге көп көңіл бөлінетінін айтты. Ашылып жатқан колледж де осыған септеседі деп ойлаймын», - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Өңір басшысы көп тілділік, халықаралық бакалавриат, дуалды және несиелік білім беру жүйесі бойынша оқыту, үздіксіз кәсіби білім беру бойынша жобалар облыста сәтті енгізіліп келе жатқанын айтты.

Колледж 200 оқушыға шақталған. Мұнда Нұра және Осакаровка аудандарындағы мектеп түлектері білім алады. 100 орындақ жатақхана, асхана, медициналық пункт бар.

Физика, химия, биология, информатика, түрлі шеберханалар, зертханалар, аспазханалар керекті қондырғылармен жарақтандырылды.

Соңғы жаңалықтар