Қарағанды облысында «Автобус» жедел-алдын алу шарасының бірінші күнінде 100-ден астам бұзушылықтар анықталды

«Қарағанды облысында 5-15 желтоқсан аралығында жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын апаттар деңгейін тұрақтандыру мақсатында «Автобус» жедел-алдын алу шарасы өтті. Бірінші күні облыстық жол полициясы басқармасынының 188 қызметкері жұмылдырылды. Жедел-алдын алу шарасын өткізуге көлік инспекциясының, әкімдіктің және салық органдарының қызметкерлері қатыстырылды», - делінеді хабарламада.
Жол полициясының ақпаратынша, жедел-алдын алу шарасының бір күнінде жолаушыларды тасымалдайтын жүргізушілердің жол-көлік қозғалысы ережелерін бұзуының 101 фактісі анықталып, алды алынды.
Жол полициясының қызметкерлері 1-ші күні жалпы ұзақтығы 414 шақырым автобус бағдарына 12 тексеріс өткізді. «Бұл ретте көше-жол желісінің күтімі, автобус аялдамаларын жабдықта және т.б. 15 жетіспеушілік анықталды. Проблемалық мәселелер (жолдардың жағдайы, жол белгілерінің, жарықтың жоқтығы) бойынша алынған барлық ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберілді», - деп атап өтіледі хабарламада.