Қарағанды облысында балаларға жүзуден сабақтар тегін өткізіледі

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы әкімінің бастамасымен Дене шынықтыру және спорт басқармасы Қарағанды және Теміртау білім бөлімдерімен бірлесіп, балаларға суда жүзу машықтарын үйретуді ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар суда жүзу негіздерін тегін үйренеді. Қалған бастауыш және орта сынып оқушылары үшін бір сабақтың құны 250 теңгені құрайды.

Балалар мен жасөспірімдер сарайының жанындағы бассейнде жалпы білім беретін 6 мектептің балалары жаттығады. Оқыту сенбі және жексенбіден басқа күндері 10.00-ден 12.00-ге дейін жүргізіледі. Сабақ 45 минутқа созылады.

«Карантиндік шектеулерге байланысты топта 15 баладан артық болмайды. Оқу жылы басталғанға дейін 1,5 мың баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Біздің бассейн 1 тамызға дейін жұмыс істейді, содан кейін косметикалық жөндеуге жабылады. Әзірше уақыт бар, Қарағандының барлық мектептерін «Қауіпсіз су» акциясына қатысуға шақырғым келеді», – деп түсіндірді олимпиадалық резервтегі жүзу спорты мектебінің директоры Молдабек Шерімов.

Жүзу бойынша жаттықтырушы Ирина Назарованың айтуынша, аталмыш акция балаларын өмірін құтқарып қалуға көмектеседі.

«Жалпы, біз жыл сайын жазда мектеп лагерлерінің балалары үшін сабақтар өткіземіз. Жүзу бойынша бастапқы білімді үйретеміз. Бірінші дағды – судан қорықпауды және дұрыс дем алуды үйрену. Бізге суда өзін қалай ұстау керектігін білмейтін балалар келеді. Біреуі тез үйренеді, біреуіне ұзақ уақыт қажет. Ал, көзге түскен балалалрды жүзу мектебімізге жазамыз», – дейді жаттықтырушы.

Балалар жүзу сабақтарына қуана қатысады. Нұсқаушыларды мұқият тыңдап, олар судан қорқу сезімін жеңіп, өмірлік дағдыларды игере отырып үйренеді.

23 маусымнан бастап мұндай сабақтар Теміртау «Жастар» бассейнінде де өтіп жатыр. Бүгінгі таңда жүзу бойынша сабақтарды қаланың 25 мектебінен 396 оқушы алуда. Жаттығулар демалыс күндерін қоса алғанда, күн сайын 09:00-ден 10:00-ге дейін және 10:00-ден 11:00-ге дейін өткізіледі. Мамандар атап өткендей, бассейнге күніне 80 оқушы барады.

«Бұл іс-шараның мақсаты – жазғы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу. Су айдындарында балалар суға батып кеткен жағдайлар өте көп. Мен барлық баланың жүзе білгенін қалаймын. 1 шілдеден бастап «Жастар» бассейні жөндеуге жабылады. Бірақ 1 тамыздан бастап сабақтар қайта жалғасып, оқу жылы басталғанға дейін жалғасады», – деді Теміртау қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Айман Әшкеева.


Соңғы жаңалықтар