Қарағанды облысында баласын ерткен жүкті әйел қар құрсауынан құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері түні бойы жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларды құтқарды, оның ішінде баласын ерткен жүкті әйел де бар, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысында баласын ерткен жүкті әйел қар құрсауынан құтқарылды

Тәулік ішінде 48 адам құтқарылып, эвакуацияланды. ТЖД деректеріне сәйкес ешкімді үсік шалған жоқ.

 «Қарқаралы ауданы ТЖБ мен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері Қырғыз кенті ауылының маңынан жанында баласы бар жүкті әйел мен 4 адамды құтқарды. Олар «Ниссан» көлігімен тұрып қалған», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

null  

Теміртау маңында Алматы-Екатеринбург күре жолында жеті адам құтқарылды. Учаскеде үш жүк көлігі мен  бес жеңіл көлік соқтығысқан апат болған. Салдарынан 50 шақты техника  кептелісте тұрып қалды. Октябрь ауданында қарда қалып қойған алты машинадан 10 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.