Қарағанды облысында Балқаш мыс қорыту зауытының жұмысшысы қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында өндірісте ауыр күйік жарақаттарын алған «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Балқаш мыс қорыту зауытының жұмысшысы қаза тапты.
None
None

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Компания ақпаратынша, қайғылы оқиға Балқаш мыс қорыту зауытында 9 маусымда орын алды.

«№5 конвейерде технологиялық операцияларды орындап жатқанда 1990 жылы туған кран машинисі термикалық күйік алды.  Жапа шегуші Балқаш қалалық көпсалалық ауруханасына жеткізілді. 13 маусымда оны санитарлық авиация ұшағымен Қарағандыға Мақажанов атындағы клиниканың күйік орталығына жеткізді», - делінген хабарламада.

Дәрігерлер жапа шегушінің өмірін құтқара алмады. 19 маусымда ер адам ауруханада қаза тапты.

Оқыс оқиғаның себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр.

Қазақмыстың басшылығы мен еңбек ұжымы ажал құшқан жігіттің жанұясы мен жақындарына көңіл айтады. 

Соңғы жаңалықтар