Қарағанды облысында бір күн ішінде 25 жүргізуші мас күйінде ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жол полиция қызметкерлері жұмыс режимін күшейтті. Бұл туралы облыстық ІІД жол полиция басқармасы хабарлады.
None
None

Облыста 26 маусымда «Қауіпсіздік аптасы» атты республикалық жедел-алдын алу шарасы басталды. Оның мақсаты - жолдарда болатын жол-көлік апаттарын азайту.

Ведомствоның берген ақпаратына қарағанда, жедел-алдын алу ашарасының бірінші күнінде полиция қызметкерлері жол ережесінінің 687 бұзушылықтарын анықтады. «Мас күйінде болған 25 жүргізуші ұсталды. Жылдамдықты асырған 276 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қарсы бағытқа шығу бойынша 12 оқиғаның, манерв беру ережесінің 34 фактісінің жолы кесілді. 13 жүргізуші жүргізуші куәліктерінің болмағаны үшін ұсталды. Олардың 8-і жүргізуші куәлігінен айырылды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған 51 жүргізушіге әкімшілік хаттама рәсімделді», - деп хабарлады ЖПБ.

Өңірде бір күннің ішінде 33 көлік айып тұрағына қойылды.

«Жол-техникалық қадағалау бөлімінің қызметкерлері облыстық маңызға ие жолдарда 9 тексеру жұмыстарын жүргізді. Жолдың 205 шақырымы тексеруден өтті. Жолдардағы кедергілердің көзін жою бойынша жол қызметтеріне 14 ұйғарым рәсімделді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар