Қарағанды облысында бір түннің ішінде 2 адамды атып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында өткен жексенбінің түнінде екі адам атып өлтірілді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Полицияның берген ақпаратына сәйкес, Қарағандыда 18 жасар студентті дәмхананың жанында атып кеткен. Ол ауруханаға жеткізілгенімен есін жимастан көз жұмды.

 «Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті деген екі 18 жасар жеткіншекті оқиғаның ізін суытпай таксиде қолға түсірді. Олардың бірі университетте, екіншісі колледжде оқитын болып шықты. 16 калибрлік екі ИЖ-5 пен ИЖ-3К аңшы мылтығы алынды», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

 Полицияның берген мәліметіне қарағанда, ұсталғандар өз кінәсін мойындаған. Олар бұл қылмыстық қадамға келіспеушіліктің салдарынан барған.

 Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 8 сәуірге қараған түні Сәтбаев қаласынан 20 шақырым жерде араққа сылқия тойып алған 62 жастағы фермер дау-дамайдан кейін ЖШС-де жүргізуші болып жұмыс істеген 46 жастағы ер адамды өлтірген. «Алған жарақатына байланысты ер ол сол жерде көз жұмды. Оқиға орнынан 16 калибрлік аңшы мылтығы алынды», -делінген хабарламада.

 Екі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар