Қарағанды облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуынан бері 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімдігінде аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековтің төрағалық етуімен үйлестіру кеңесінің нндустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша кезекті отырысы болып өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Отырыста «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 14 жоба, сондай-ақ Индустрияландыру картасына енгізу үшін және «Сарыарқа» АЭА-ның аумағында іске асыру үшін бір-бір жобадан қарастырылған.

Олардың жалпы құны 1 млрд. астам теңгені құрап отыр. Жобалар металл бұйымдары өндірісі, АӨК, жүк тасымалдары мен көліктерге техникалық қызмет көрсету, құрылыс, бос уақыт пен ойын-сауықты ұйымдастыру, нан-тоқаш өнімдерін шығару сияқты салаларда іске асырылып отыр», - делінген хабарламада.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, аталған жобалардың іске асырылуы 600-ден астам қазіргі жұмыс орнын сақтап, 153 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлікті қолдауға салынған субсидиялардың 1 теңгесі бюджеттегі салықтық түсімдердің 7 теңгесімен қайтарылатыны атап өтілуде.

БЖК-2020 бағдарламасының аясындағы «Моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің жаңа бизнес бастамаларын қолдау» бірінші бағыты бойынша моноқалаларда 5 жоба, облыстың ауылдық аудандарында - 3 жоба мақұлданған», - деп ақпараттандырды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Ауылдық аймақтарда «Агрофирма Құрма» ЖШС («Құс өсірушілер үшін жабдықтарды сатып алу» және «Биогаз құрылғыларын сатып алу» жобалары), сондай-ақ «ПКФ Медео» ЖШС («Шошқа фермасын жаңғырту») қолдауға ие болды.

Жаңа биогаз құрылғысын сатып алу аталған өндірісті қалдықсыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жылу және электр энергиясының шығындары азаяды.

«ПКФ Медео» ЖШС басшылығының ақпаратынша, Бұқар Жырау ауданының Доскей ауылында «Шошқа фермасын жаңғырту» жобасы ішкі нарықтың сапалы етке сұранысын қанағаттандырады. Кәсіпорын мал санын 12 400-ден 13 500 басқа дейін көбейтеді.

Шығарылатын өнімдердің көлемін 20 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл ретте өзіндік құн орташа алғанда 10 пайызға төмендетіледі.

Облыстық әкімдіктің мәліметтерінше, Қарағанды облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылуынан бері жалпы сомасы 91,5 млрд. теңгені құрайтын 678 жобаға қолдау көрсетілді, бұл 44 мыңға жуық қазіргі жұмыс орындарын сақтап, 145 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар