Қарағанды облысында боран: «Екатеринбург-Алматы» трассасы жабылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында боран: «Екатеринбург-Алматы» трассасы жабылды

Атап айтқанда, бүгін сағат 18.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1505-1847 шақырым аралығында, яғни Жұмабек ауылы мен Балқаш қаласы арасындағы («СП КазГерСтрой» ЖШС және «СІТІС Cоnstraction» реконструкциялау учаскесі) учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.

«Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады», - деді ведомстводан.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы мен Түркістан облысында автожолдар жабылған болатын.