Қарағанды облысында бос жұмыс орындарына апта сайын жәрмеңке өткізілетін болады

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағанды облысының бірнеше аймақтарында:
None
None
Қарағанды, Теміртау және Саран қалаларында бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жақында, мұндай жәрмеңке Балқаш та өткізілді. Облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыссыз азаматтарды орналастыру мақсатында бос орындарға апта сайын жәрмеңке өткізу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, облыс аймақтарында «тікелей байланыс» желілері ашылған, осы нөмірлерге қоңырау шалу арқылы бос орындар жөнінде тың мәліметтер мен қосымша кеңестер алуға болады. Облыстық еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы таратқан ақпараттарға қарағанда, жыл басынан бергі уақытта бос орындарға арналған жеті жәрмеңке өткізіліп, оған аймақтың 11 мыңнан астам жұмыссыздары қатысқан. Халықты еңбекпен қамту және жұмыссыздар қатарын өсірмеу аймақтың бүгінгі таңдағы басымдық берілген міндетіне айналып отыр.
Соңғы жаңалықтар